Головкин АҚШ-тағы Халықаралық бокс Даңқ залына қабылдау салтанатына қатысты
Фото: instagram/gggboxing
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына мүше болған алғашқы қазақстандық кәсіпқой боксшы. Әр жылдары бұл Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо сынды аңыздар, сондай-ақ Костя Цзю, Виталий Кличко және Владимир Кличко енген, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің және Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті, атақты боксшы Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанды. Салтанатты рәсім АҚШ-та өтті. Шетелдік басылымдар оны XXI ғасырдағы ең үздік орта салмақтағы боксшылардың бірі деп атады. Бұл оның жеке жетістігі ғана емес, Головкиннің Даңқ залына енуі, Қазақстан бокс мектебінің халықаралық деңгейде мойындалуының белгісі болып табылады.