Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жөнінде прокуратураға жүгіну механизмі, сондай-ақ сотқа шағымдану тәртібі туралы материалдарды жариялау.
Фото altyalash.kz
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта прокуратура органдары заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырып, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда прокуратура органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай өтініштер жазбаша түрде, жеке қабылдау арқылы немесе электрондық форматта жолдануы мүмкін. Өтініште мәселенің мән-жайы нақты әрі түсінікті баяндалып, қажет болған жағдайда оны растайтын құжаттар мен дәлелдемелер қоса тіркелуі тиіс.
Прокуратура органдары келіп түскен өтініштерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарап, олардың мазмұнына қарай тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, заң бұзушылықтарды жою, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды заңнамада көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері қаралады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тағы бір маңызды тетігі – сотқа жүгіну болып табылады. Егер азамат немесе заңды тұлға мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған шешімімен, әрекетімен немесе әрекетсіздігімен келіспесе, ол сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Сот арқылы құқықтарды қорғау – заңмен кепілдендірілген конституциялық құқықтардың бірі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдардың шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты дауларды қарау тәртібі әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл ретте азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа талап қоюға немесе шағым беруге құқылы.
Сотқа жүгіну кезінде талап қою арызында немесе шағымда істің мән-жайы, талап қоюшының талаптары, сондай-ақ оларды негіздейтін дәлелдемелер көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда талап қоюға тиісті құжаттар, шарттар, хаттамалар, жауап хаттар және басқа да материалдар қоса тіркеледі. Сот іс материалдарын жан-жақты және объективті қарап, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.
Сот арқылы құқықтарды қорғау азаматтардың және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қалпына келтірудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл ретте сот шешімдері міндетті түрде орындалуға жатады және оларды орындау заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Құқықтық мемлекет жағдайында әрбір азамат пен заңды тұлға өз құқықтарын қорғаудың заңды тетіктерін жақсы білуі қажет. Құқықтық сауаттылықтың артуы қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына ықпал етеді. Осыған байланысты прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі болып қала береді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
#Заң_және_Тәртіп
#Закон и Порядок