Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының жартылай финалында

Патриот жаршысы
4

Фото: gov.kz

Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнир жалғасып жатыр,  – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Дания командасымен кездесті.
​Нәтижесінде отандастарымыз 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бәсекенің жартылай финалына жолдама алды.

Лилиана Әлжанова
Тілші