Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Патриот жаршысы
8
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.