Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады

Патриот жаршысы
10

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жүргізуде,  – деп хабарлайды Patriotportaly.kz

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап Қазақстанның әуе тасымалдары нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Лилиана Әлжанова
Тілші