Швейцариялық жанкүйер Димашқа арнап кітап жазды

Фото: IG / esther_uhu
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің өнері тағы бір ерекше оқиғаға себеп болды. Бұл жолы Швейцариядан келген жанкүйері Эстер Ульман сүйікті әншісіне арнап кітап жазды. Ең қызығы, кітап қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Эстер бұл еңбегінде Димаштың шығармашылығымен қалай танысқанын, оның музыкасы жүрегін қалай баурап алғанын әсерлі түрде баяндайды. Сонымен қатар, осы жолда басынан өткен қызықты оқиғалар да кітап мазмұнына енген.
Кітаптың тұсаукесерінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген жанкүйерлер бас қосты. Олар үшін бұл — ортақ махаббат пен өнерге деген құрметтің бір арнада тоғысқан ерекше сәті.
Айта кетейік, 26 мамыр күні сағат 18:00-де Димаш Құдайбергеннің фан-кездесуі өтпек. Бұл шарада көптен күткен әншімен жүздесуге мүмкіндік бар.
Димаштың әні шекара атаулыны бұзып, жүректерді біріктіріп жатқанын осы оқиға тағы бір мәрте дәлелдеді.