Алышта алда болдық
Патриот жаршысы
47

Астана қаласының әкімдігі
Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен белбеу күресінен (алыш) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Додада ересектер мен кадеттер арасындағы мықтылар бас қосып, шеберлік байқасты. Бұл байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған астаналық спортшылар тамаша нәтиже көрсетті.
Турнирге 10 елден 200-ден астам балуан қатысқан. Қазақстан атынан сынға түскен елордалық спортшылар ерекше белсенділік танытып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, 60 келі салмақта өнер көрсеткен Марзия Жомартова белбеу күресінің еркін стилінде алтын жүлдені жеңіп алса, 55 келі салмақта белдескен Айша Жиенбаева да қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Ал классикалық стиль бойынша +100 келіде белдескен Мадияр Абдрахманов ел қоржынына қола медаль салды.