Әскери рәміз – ерлік пен рухтың нышаны

Патриот жаршысы
182

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

18 шілде – Қазақстан Қарулы күштерінің әскери рәміздері күні. Осыдан 28 жыл бұрын, 1996 жылы дәл осы күні ҚР Президенті «Қарулы Күштердің әскери рәміздері туралы» Жарлыққа қол қойып, еліміздің қорғаныс саласындағы маңызды күндердің бірі ретінде тарихта қалды.

Әскери рәміздер – бұл тек белгілер мен нышандар ғана емес. Олар – жауынгердің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін оятатын, ұлттық болмыс пен әскери дәстүрдің көрінісі. Әскери рәміздер жауынгерлер үшін қасиетті құндылыққа айналған.

Қазақстан Қарулы күштерінің рәміздеріне мыналар жатады:

  • Қарулы күштердің эмблемасы (символы)
  • Жалпы жалау және тулар
  • Құрлық, Әуе қорғанысы, Әскери-теңіз күштерінің тулары
  • Әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары

Әскери символ – алтын жиекпен көмкерілген бес жұлдыз. Оның дәл ортасында күн шапағы мен қалықтаған бүркіт бейнеленіп, бейбітшілік пен биік рухты айшықтайды.

Ал жауынгерлік ту – бұл тек белгі емес, батырлықтың, әскери бөлімнің даңқты тарихының көрінісі. Ол әрбір сарбазға ел қорғау – қасиетті парыз екенін ұғындырады.

Малика Рүстем
тілші