«Абай әлемі» – рухани кеші

Патриот жаршысы
83

Абай облысының әкімдігі

Абай атындағы театр сахнасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары зор ықыласпен жиналып, кештен ерекше рухани әсер алды.

Кеш барысында көрермендер Абайдың мол мұрасымен қайта қауышты. Дәстүрлі өнердің озық үлгілері арқылы ұлы ойшылдың терең философиялық идеялары мен адамзаттық құндылықтары сахна төрінде жаңғырды.

Қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптеген кешке ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазиев, мәдениет майталмандары Толғанбай Сембаев пен Еркін Шүкіман, еңбек сіңірген қайраткерлер Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина қатысып, Абай шығармаларын тыңдарманға сырлы үнмен, сазды толқынмен жеткізді.

Малика Рүстем
тілші