Кирилл Герасименко Исламиада-2025 ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазақстанның үстел теннисі құрамасының өкілі Кирилл Герасименко Эр-Риядта өткен VI Ислам ойындары кезінде ерлер арасындағы жеке сында чемпион атанды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.
Шешуші ойында Қазақстан атлеті Египеттен келген Омар Ассарды 4:1 есебімен жеңіп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді (11:5, 11:8, 6:11, 13:11, 11:3).
Айта кетейік, Герасименко мен Ассар Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының 1/8 финалында кездескен еді. Сол кезде Қазақстан спортшысы алғашқы екі партияны жеңгенімен, соңында 2:4 есебімен ұтылып қалған болатын.
Осылайша, Кирилл Герасименко VI Ислам ойындарының екі дүркін чемпион атанып отыр. Бұған дейін ол командалық жарыста Алан Курманғалиев пен Айдос Кенжіғұловпен бірге алтын медальға ие болған еді.
Герасименконың жеңісі Қазақстан құрамасының командалық есептегі 3-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
Жарыстың командалық қорытындысы:
1.Түркия – 97 медаль (алтын 54, күміс 26, қола 17)
2. Өзбекстан – 46 медаль (алтын 15, күміс 17, қола 14)
3. Қазақстан – 35 медаль (алтын 10, күміс 12, қола 13)
Бұл жеңіс елдің спорттық мәртебесін халықаралық аренда арттырып, қазақ спортшыларының патриоттық рухын одан әрі көтерді.