Тоқаев пен Мирзиеев стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту туралы келіссөз жүргізді

Патриот жаршысы
65

Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Ташкентте өткен ресми кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне мемлекеттік сапармен шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін алғысын білдірді. Мемлекет басшылары қазақ-өзбек қатынастарын жаңа деңгейге көтеру, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бағытындағы нақты қадамдарды талқылады.

Келіссөздер барысында сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде бірлескен әрекет тақырыптары қаралды.

Екі ел басшыларының кездесуінің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы күшті стратегиялық серіктестікті нығайту, халықтар арасындағы достықты тереңдету және өңірлік тұрақтылыққа үлес қосу. Кездесу соңында тараптар өзара сенім мен сыйластыққа негізделген серіктестік жолында бірқатар нақты шешімдерге келді.

Бұл кездесудің нәтижесі Қазақстан мен Өзбекстанның аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық дамуға қосқан үлесін күшейтіп, екіжақты байланыстарды жаңа белеске көтереді деп күтілуде.

 

Лағыл Намаз
тілші