17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапында дебюттік гол соғып, рекорд орнатты

Патриот жаршысы
30

Дастан Сәтпаев. Фото: ҚФФ баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев 17 жасында дебюттік гол соғып, тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды PATRIOT PORTAL.

15 қарашада «Астана Аренада» өткен Қазақстан – Бельгия матчында Дастан негізгі құрамда өнер көрсетті. Ойынның тоғызыншы минутында ол қарсыластар қорғанысының қателігін пайдаланып, допты қақпаға бағыттады. Рикошеттен доп Бельгия қақпасының төменгі бұрышына түсіп, Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы голын соқты.

Бұл гол жас спортшының ғана емес, Қазақстан футболының дамуына, ұлттық құраманың күш-қуатын арттыруға және патриоттық рухты көтеруге қосқан үлесі болып саналады. Ел намысын халықаралық аренада қорғаған жас таланттың бұл жетістігі – болашақта Қазақстан футболының жаңа беталысын көрсетуге зор мүмкіндік.

Дастан Сәтпаевтың дебюттік голы жастар спортын қолдауға, жаңа буын футболшылардың дамуына үлгі болып, еліміздің ұлттық спорт саласындағы патриоттық мақтанышқа айналды

Лағыл Намаз
тілші