Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрі ресми келіссөз өткізді
Фото:akordapress
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астанаға кеше келді. Осы сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми келіссөздер жүргізді.
Сапар барысында екі елдің ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1 Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;
2.Қазақстан мен Армения дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;
3. 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жол картасы;
4. Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық меморандумы;
5 .Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық меморандумы;
6. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық меморандумы;
7. 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары (Сыртқы істер министрліктері арасында);
8. Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі шаралар жоспары (2026-2027 жж.);
9. Қазақстан-Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім
10.Ұлттық кітапханалар арасындағы ынтымақтастық меморандумы;
11.Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Армения Кино қоры арасындағы ынтымақтастық;
12.Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі мен Армения Ұлттық галереясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық;
13.Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық меморандумы;
14.Ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық меморандумы;
15.Мемлекеттік басқару академиясы мен Арменияның Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық келісімі.
Осы келісімдер екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан мен Армения арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара сенімнің нығаюына зор үлес қосатыны сөзсіз.