Жібек Құлымбетова Ислам ойындарында күміс медальға ие болды

Патриот жаршысы
28

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

52 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшымыз өз белдесулерін В тобынан бастады. Ол Иран спортшысы Ясамин Назариді (6:0) және марокколық Маруа Элидриссиді (6:0) жеңіп, жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда Жібек Хаммуми Маиссааны (Алжир) жеңіп, финалға шықты. Финалда ол биылғы әлем чемпионы Асма Альхосаниге (БАӘ) есе жіберді.

Қазақстандық спортшының табысы еліміздің джиу-джитсу саласындағы беделін арттырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның атын асқақтата бермек!

Лағыл Намаз
тілші