Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Италияда қола медаль жеңіп алды
Патриот жаршысы
39
Фото: qazsporttv
Қазақстандық спортшылар Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен WTT Feeder Parma халықаралық турнирінде аралас жұптық сыннан үшінші орынға ие болды. 1/8 финал Харки Миркадирова – Нандан Нареш Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) – 3:2 Ширек финал Харки Миркадирова – Хармит Десаи Криттвика Рой (Үндістан) – 3:2 Жартылай финал Харки Миркадирова – Чо Сынмин Ю Сиу (Корея) – 0:3 Осы нәтижемен Қазақстан спортшылары халықаралық турнирдің қола медалін иеленді. Бұл жетістік еліміздің спорт саласындағы беделін арттырып, жас спортшыларға шабыт беретін маңызды көрсеткіш болды.