«AMANAT» партиясының Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Фото:AMANAT партиясы
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Жұмысшы мамандықтары жылы: еңбек нарығындағы жастар мәселесі» тақырыбы талқыланған кеңестің кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері, сарапшылар және қоғам белсенділері қатысты.
Жиынды Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасы Нартай Сәрсенғалиев ашып, еңбек нарығындағы ресми статистика мен шынайы жағдай арасындағы айырмашылыққа тоқталды. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, жыл басынан бері республикалық деңгейде бес кеңес өткізіліп, күн тәртібіне жастар саясаты мен еңбек нарығына қатысты маңызды мәселелер шығарылды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінде аймақтық кеңестердің отырыстары тоқсан сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.