Елена Рыбакина әлемнің ең табысты теннисшілерінің қатарына енді

Патриот жаршысы
26

Фото:instagram желісінен

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылы 12,6 млн доллар табысқа қол жеткізді. Sportico порталының мәліметіне сәйкес, бұл табыстың 4 млн доллары демеушілік келісім-шарттар арқылы түскен.

Осы нәтижеге орай Е.Рыбакина әлемдегі ең көп ақы төленетін теннисшілердің ішінде 9-орынға ие болды. Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко (30 млн доллар) екінші орында, ал американдық Кори Гауфф (31 млн доллар) көш бастады. Рейтингте үздік үштікті поляк Ига Швентек (23,1 млн доллар) түйіндеді.

Sportico мәліметі бойынша 2025 жылы ең көп табыс тапқан теннисшілер:

Кори Гауфф (АҚШ) – 31 млн доллар

Арина Соболенко (Беларусь) – 30 млн доллар

Ига Швентек (Польша) – 23,1 млн доллар

Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 20,6 млн доллар

Мэдисон Киз (АҚШ) – 13,4 млн доллар

Елена Рыбакина (Қазақстан) – 12,6 млн доллар

Наоми Осака (Жапония) – 12,5 млн доллар

Аманда Анисимова (АҚШ) – 10,8 млн доллар

Джессика Пегула (АҚШ) – 10,5 млн доллар

Винус Уильямс (АҚШ) – 10,2 млн доллар

Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, еліміздің мерейін үстем етіп жатқаны айрықша мақтауға лайық. Бұдан бұрын Қазақстанның теннисшісі Александр Бублик те эйс саны бойынша әлемде үздік бестікке енгені хабарланған еді.

Лағыл Намаз
тілші