Қазақстандық спортшы Надежда Морозова Норвегияда өткен әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды
Фото: ISU
Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.
Отандасымыз әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықты 1 минут 54,98 секундта еңсеріп, мәреге екінші болып келді. Бұл нәтиже оған жүлделі орыннан көрінуге мүмкіндік берді.
Алтын медаль жапониялық Мико Такагиге бұйырды. Ол Морозовадан небәрі 0,03 секундқа ғана озып шықты. Үздік үштікті норвегиялық спортшы Рагне Виклунд 1 минут 55,18 секунд көрсеткішімен түйіндеді.
Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева 1:56.84 уақыт нәтижесімен 8-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Хамар қаласындағы әлем кубогының кезеңі конькимен жүгіруден Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарының бірі саналады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық биатлоншының әлем кубогы кезеңінде із кесу жарысына екінші рет жолдама алғаны хабарланған болатын.