Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді
Патриот жаршысы
7
Фото: gov.kz
Черногория Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Осылайша, қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады.
Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.