Азия жағажай ойындары: Ришат пен Рашид Хайбуллиндер қолаға қол жеткізді

ЖАС ПАТРИОТ
9

Фото: meta-ratings.kz

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық спортшылар Ришат пен Рашид Хайбуллиндер спорттық құзға өрмелеуден эстафета сайысында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Қазақстандық дуэт эстафетада 11,9 секунд нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегізінші медальді салды. Қазіргі таңда құраманың еншісінде бір алтын, бір күміс және алты қола жүлде бар.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.

Лағыл Намаз
тілші