Қазақстан мен Түркия халықаралық құқық мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша консультациялардың кезекті раунды өтті, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.
Қазақстан тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, түрік тарапынан Түркия Республикасы СІМ Халықаралық құқық және шарттар департаментінің бас директоры Фират Сүнел қатысты.
Екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасының қазіргі жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың құқықтық аспектілерін талқылап, халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялар конструктивті ахуалда өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының құқықтық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
Тараптардың келісімі бойынша консультациялардың келесі раунды Қазақстан Республикасында өтеді.