Айбек Барысов: Отандық супер сауытты техниканы таныстырды
Фото: kpe_kz парақшасынан
Қазақтың ерен еңбегіне сенсең – жемісі осындай!
Біз көріп тұрған әрбір бөлшек, әрбір тетік – қазақтың жерінде, қазақтың ақылымен, қазақтың қолымен жасалған төл туынды.
Бұл – жай ғана техника емес, бұл – ұлттық намыстың, ғылым мен еңбектің, табандылық пен тәуелсіздікке деген ұмтылыстың бейнесі.
Біз ғылымды қару етіп, еңбекті серік қылып, озық технологияларды өзіміз жасап шығаратын ұлт болуға нық қадам басып келеміз.
Біздің холдинг – елдің тәуелсіздігі мен тыныштығы үшін күндіз-түні тер төгіп, тоқтаусыз еңбек етіп келе жатқан біртұтас патриоттар ұжымы.
Басты мақсатымыз – Қазақстанды технологиялық держава деңгейіне көтеру.
Өз күшімізге сенген, өз ақылына арқа сүйеген, өз қолымен жаңа дәуірді қалыптастыратын жаңа қазақ инженерлері мен жаңа ұрпақтың негізін қалау.
Бұл – мықты мемлекеттің, қуатты армияның, тәуелсіз елдің болашағына қосқан үлес.
Жасалған әрбір техника – Отанға деген адалдықтың нақты дәлелі.
Біз өз технологиямызбен әлемде көзге түсеміз, өзіміздің елде патриоттық рухты көтереміз, және жас ұрпаққа – өз еліне сенім мен мақтаныш сезімін сыйлаймыз.
Қазақстанның әрбір азаматы осындай жобалар арқылы өз Отанын сүйуді, еңбек етуді және биік белестерді бағындыруды үйренуі тиіс.