Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Патриот жаршысы
27

Фото: qazsport

Мемлекет басшысы Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанғанымен құттықтады.

Бейбарыс Қабылан Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын медалды жеңіп алды. Мемлекет басшысы спортшының алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындырып, асуларын арттыра беруіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл жарысқа барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Лағыл Намаз
тілші