Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
Патриот жаршысы
10
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.
Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.
Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.