Құрылтайға «Әділет» партиясынан 186 кандидат тіркелді

Патриот жаршысы
5

Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған партиялық тізімін тіркеді, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін ұсынылған партиялық тізімін тіркеді. Бұл шешім 2026 жылғы 21 шілдеде өткен ОСК отырысында қабылданды.

Тіркелген партиялық тізімге 186 кандидат енгізілді. Оның ішінде 72-сі – әйел, 114-і – ер адам. Кандидаттардың орташа жасы – 45.

Партиялық тізімге құқық, ғылым, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және азаматтық қоғам салаларының өкілдері енді. Олар бекітілген сайлауалды бағдарлама негізінде сайлауға қатысады.

«Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда тіркеліп, Құрылтай депутаттарының сайлауына алғаш рет қатысқалы жатыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталғаннан кейін партия еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен кездесу өткізеді.

Лилиана Әлжанова
Тілші