Елена Рыбакина – Страсбург чемпионы

Фото: Alcoba Beitia/Getty Images
Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 санатындағы беделді турнирдің чемпионы атанды. Финалда ол ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, үш сетке созылған кездесуде 6:1, 6:7 (2:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Матч топырақ жамылғысында өтті және екі сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена 13 эйс жасап, екі қос қате жіберді және 10 брейк-пойнттің алтауын сәтті жүзеге асырды.
Бұл – 25 жастағы теннисші үшін биылғы маусымдағы алғашқы, ал WTA 500 санатындағы төртінші жеңісі. Бұған дейін ол Брисбен, Абу-Даби және Штутгарт турнирлерінде топ жарған. Жалпы алғанда, Рыбакина сегіз WTA жарысын жеңіп алған, соның ішінде 2022 жылғы Уимблдон да бар.
Страсбургтегі жеңісі үшін Елена 500 рейтингтік ұпайға ие болып, WTA рейтингінде 11-орынға көтеріледі. Ал 26 мамырда "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы матчында ол аргентиналық Хулия Риерамен кездеседі.
Еліміздің мақтанышы Еленаға сәттілік тілейміз!