Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Жаңа қызметке тағайындалған Аида Балаева – мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинаған, түрлі деңгейдегі жауапты қызметтерде еңбек еткен кәсіби маман. Ол ақпараттық саясат, қоғамдық даму және мәдениет салаларында ұзақ жылдық стратегиялық жобаларды басқаруымен танымал.
Еңбек жолы
1999–2002 жж. – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы
2002–2004 жж. – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы
2004 ж. – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының Талдау және болжау бөлімінің бастығы
2004–2005 жж. – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары
2005–2006 жж. – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары
2006–2008 жж. – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры
2008–2010 жж. – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы
2010–2014 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары
2014–2019 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
2019–2020 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі, Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
2020–2022 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2022–2023 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Білімі
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000)
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2007)
Марапаттары
«Парасат» ордені (2016)
«Құрмет» ордені (2010)
«Достық» ордені (Өзбекстан, 2024)