«Zhýlandy Fest – 2025»

Патриот жаршысы
18

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жетісу облысының Жыланды ауылында алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті. Инженерлік, робототехника және заманауи технологиялар бағытындағы ең жарқын жастар фестивалінің бірі – «Zhýlandy Fest – 2025» үш күн бойы дарынды жастарды бір алаңға тоғыстырды. Фестиваль аясында үш негізгі бағыт қамтылды:

1. Future Race – экологиялық электрокөліктер жарысы

2. Zhýlandy International First Championship – халықаралық робототехника турнирі

3. Open Day – университеттер жәрмеңкесі

Көпшіліктің көзайымына айналған Future Race сайысында қатысушылар өз қолымен құрастырған электромобильдермен жарыс жолына шықты. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 9 команда қатысты. Қатысушылар көлік жылдамдығы ғана емес, оның қаншалықты энергия үнемдейтінін де дәлелдеп, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша тың шешімдерін ұсынды.

Жарыс нәтижесінде:

1-орын – Bulan командасы, Назарбаев Университеті

2-орын – ALT Alash, Алматы технологиялық университеті

3-орын – BBC, Назарбаев Университеті

4-орын – Shalqar, ҚБТУ

5-орын – Zhel Zhylandy Engineering Legion, Жыланды ауылындағы лицей-интернат

Сондай-ақ, Open Day алаңында Қазақстанның жетекші ЖОО-лары өз оқу бағдарламаларын таныстырып, оқушыларға кәсіби бағдар берді. Шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, SDU, ҚазҰПУ, ҚБТУ, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет секілді оқу орындары белсенділік танытты.

Фестиваль аясында NASA байқауларының жеңімпаздары өткізген зымыран құрастыру бойынша шеберлік сабақтары да қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Малика Рүстем
тілші