Жүрекке дәру терапия

Патриот жаршысы
174

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы   жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедек жандар тұратын Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Art day" арт-терапия шарасын ұйымдастырды. Шараның мақсаты–зейнеткерлердің  шығармашылық мүмкіндіктерін аша отырып, көңіл-күйлерін көтеру.

 

Белсенді жастар  психологтармен және суретшілермен бірлесе отырып, орталық тұрғындарына бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шығармашылық процесс жалғыздықпен күресуге көмектесіп, стресс пен мазасыздықты азайтады дейді мамандар.

Арт-терапияға қатысушылар туған жерлерінің пейзаждарын, түрлі аңдар мен натюрморттар салды. Айта кетейік, ЖРО өкілдері арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жиі барады. Орталықта олар концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәл осындай өзара байланыс жас ұрпаққа жауапкершілік сезімін арттырып, жанашыр болуға тәрбиелейді. 

Дариға Нысанқұл