АСТАНА SILK WAY STAR ГРАНД ФИНАЛЫНА ДАЙЫНДАЛУДА: ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ
Фото: Kazinform
Астана қазір нағыз шығармашылық тынысымен тербеліп тұр. «Silk Way Star» халықаралық мега-жобасының гранд финалына дайындық қызу жүріп жатыр. Сахнада да, сахна артында да жұмыс қарқыны күшейген: дыбыс, жарық, хореография, вокалдық дайындық — бәрі ең жоғары деңгейде жүзеге асуда.
Бұл мәртебелі додада әлемнің үздік орындаушылары бақ сынайды:
Малайзия — Язмин Азиз
Өзбекстан — Мадинабону Адылова
Моңғолия — Мишель Джозеф
Грузия — Автандил Абесламидзе
Қазақстан — ALEM
Армения — Саро Геворгян
Қытай — Чжан Хе Суань
Финалистер бүгінгі күндері қазақстандық тәжірибелі мамандардың тәлімін алуда. Вокал жаттықтырушылары, хореографтар, стилисттер – барлығы да біздің елдің мәдени-индустриялық әлеуетін халықаралық деңгейде танытып отыр.
Отбасылық қолдау — жеңіске жетелейтін күш
Қатысушылардың туыстары қазір Астанада.
Язмин Азизді ата-анасы мен сүйіктісі қолдауда.
Қазақстанның мақтанышы ALEM-ге сайыс кезінде жан жары жігер береді.
Мадинабону Адыловаға анасы демеу болуда.
Осы жылы Астана — Орталық Азия мәдениетінің басты сахнасына айналды. Қатысушылар да, көрермендер де қазақ жерінің қонақжайлығына, шығармашылық қуатына тәнті екенін жасырмайды.
Гранд финал — 22 қараша, сағат 20:00
Jibek Joly телеарнасында тікелей эфир.
Бір мезгілде Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия көрермендері тамашалайды.
Жеңімпаз аралас жүйе бойынша анықталады
50% — қазылар алқасы
50% — онлайн дауыс беру
«Silk Way Star» — Орталық Азиядағы алғашқы ірі вокалдық жоба. Биыл оған 12 елдің таланттары қатысты. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group арасындағы серіктестік негізінде жүзеге асты.
Еуропалық сарапшылар да жобаның кәсібилігіне жоғары баға беріп отыр. Бұл — қазақ медиасының, қазақ сахналық мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі.