Қазақстандық ватерполшылар Азия жағажай ойындарының қола жүлдесін иеленді

ПАТРИОТ АЙНАСЫ
3

Фото: istockphoto.com

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері атанды,  – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирдегі соңғы матчында қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіске жетіп, қола медальді иеленді.

Жарыстар айналым жүйесі бойынша өтті. Бес кездесуде Қазақстан құрамасы үш рет жеңіске жетіп, екі рет қарсыластарына жол берді.

Бұл сында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Яғни, бір алтын, бір күміс және бес қола жүлде.

Лағыл Намаз
тілші