Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

ПАТРИОТ АЙНАСЫ
11

Фото: gov.kz

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің есімі отандық ғарышнама шежіресіне алтын әріппен жазылған.

Оның асқақ арманы 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа сапар шеккенде орындалды. Сынақшы ұшқыштың кәсіби жетістіктерінің қатарында әуеде екі мәрте жанармай құйып, Солтүстік полюске дейін ұшуы, МиГ-29К палубалық жойғыш ұшағын авиакрейсерге қондырып, кейін сол кемеден қайтадан трамплин арқылы әуеге көтерілуі сияқты бірегей ерліктері бар.
Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы – қайсарлықтың, мұқалмас жігердің және Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі.

Лилиана Әлжанова
Тілші