Дидар Әмірәлі каратэден Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Патриот жаршысы
32
Фото:Qazsporttv
Мысыр астанасында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Дидар Әмірәлі (67 кг) чилилік Фрейре Фуэнтес Томасты жеңіп, ел қоржынына алғашқы қола медальді салды.
Дидар Әмірәлі үшін бұл мансабында екінші рет Әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болу – Қазақстан каратэсінің халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.