Мемлекет басшысы Ирак Президентіне құттықтау жолдады
Патриот жаршысы
8
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.