Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуда

ЖАС ПАТРИОТ
6

Фото: gov.kz

Биыл химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті базасына әлемнің 35-тен астам елінен 200-ге жуық үздік жас химик жиналуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Израиль, Армения, Түркия, Куба, Моңғолия, Бразилия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Чад Республикасы, Египет, Таиланд, Коста-Рика, Иордания, Әзербайжан, Солтүстік Македония және басқа да елдердің олимпиадалық құрамалары бар.

Қазақстандық команда құрамында 10 оқушы және 2 жетекші бар:
Жеңісханова Айзере – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жақсылықов Ансар – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Полетаев Данил – Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы;

Қалдыбай Меңдіғали – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Қали Әбілмансұр – Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Теңізбаев Арен – Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Айтжанов Алидар – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Сейітқазиев Нұрсейт – Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Ибраимов Әбдіжан – Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Махмутов Мансур – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Бахытжан Елдана – ғылыми жетекші, PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;

Сәрсенбай Айдос – құрама жетекшісі, Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының 2-курс студенті.

Лағыл Намаз
тілші