Сіздің атыңызға алаяқтық несие рәсімделсе не істеу керек?
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі алаяқтарға алданған жағдайда қандай әрекет жасау керегін мәлімдеді.
Алаяқтық құрбаны болмас үшін дереу банкке хабарласу хабарласу қажет, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.
Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз және мыналар жөнінде:
-
картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;
-
сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.
Жазбаша жолданым бойынша - оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз
Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін қажет.
Барлық дәлелдемені сақтап, ақпаратты дереу тіркеңіз - бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет. Мыналарды:
– сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);
- СМС және растау кодтарын;
- қоңыраулар мен хат алмасулар (мессенджерлерді қоса алғанда);
- кредиторды хабардар етуді;
- шоттар бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін сақтап қойыңыз.
Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.
Полицияға жүгініңіз.
eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.Өтініште мыналар көрсетіледі:
-
кредиттің күні мен сомасы, кредитордың атауы;
-
ресімдеу мән-жайлары;
-
алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі байланыстары;
-
қолда бар материалдар (скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).
СДТБТ-де тіркелген сәттен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалады.
Полицияға жүгіну не береді?
Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.
Маңызды: құжатта кредит сомасы, рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек
Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.
Қажет болған жағдайда кредитор мән- жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.
Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.
АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?
Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді.
Есептен шығару, егер бір уақытта:
- алаяқтық фактісі;
- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі қолданылады.
|
БОРЫШТЫ СОТТАН ТЫС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
БОРЫШТЫ СОТ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
|
Егер алаяқтық фактісін бір мезгілде полиция растаса және кредит беру кезінде кредитордың тарапынан бұзушылықтарға жол берілсе қолданылады. |
Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ кредитор тарапынан бұзушылықтардың болғанын сот тәртібімен белгілеу талап етілсе қолданылады. |
|
Ондай бұзушылықтарға мыналар жатады: – онлайн-кредит алу кезінде міндетті биометрияның болмауы; – клиент eGov арқылы кредиттерді алуға тыйым салуды белгілеген жағдайда кредит беру; – жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды сақтамау (расталған келісімсіз 21 жасқа дейін және 55 жастан астам); – бірінші кепілсіз тұтынушылық кредитті онлайн биометриясыз немесе жеке қатысуынсыз ресімдеу (белгіленген шектерден асқан жағдайда); – «шешім қабылдау кезеңін» бұзу: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі банктік қарыздар үшін 8 сағатқа дейін және банктік қарыздар бойынша 255 АЕК-тен және микрокредиттер бойынша 75 АЕК-тен астам сомалар үшін 24 сағатқа дейін және қарыз алушының растауынсыз. Ерекше жағдайлар: - тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді тікелей сатушыға жасау; - берешекті сол банкте немесе МҚҰ-да өтеу; - 150 АЕК-ке дейінгі лимиттер шегінде карта бойынша операциялар жасау; - салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу. |
Сот полиция жинаған дәлелдер базасының негізінде кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және алаяқтардың әрекеттеріне банктердің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтары себеп болғанын-болмағанын анықтайды. Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады: – үшінші тұлғалардың клиенттің дербес деректерін пайдалануы (оның ішінде қашықтан қол жеткізуді пайдалана отырып); – биометрия рәсімін бұзу; – алаяқтық операцияларды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтамау; Бұл жағдайда сот істің мән-жайын белгілейді және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды. |
|
Кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті. |
Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті. |