Халықаралық кітап көрмесіне алғашқы күні 10 мыңнан астам адам қатысты

Патриот жаршысы
7

Фото: gov.kz

Астанада өтіп жатқан IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды. Іс-шараның алғашқы күнінде көрмеге 10 мыңнан астам адам қатысты, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Халықаралық деңгейдегі бұл мәдени алаң кітапсүйер қауымды, баспагерлерді, жазушылар мен әдебиет жанашырларын бір арнаға тоғыстырды. Көрме барысында қатысушылар жаңа кітаптармен танысып, баспа өнімдерін сатып алып қана қоймай, түрлі әдеби кездесулер мен таныстырылымдарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқу мәдениетін дамыту, кітап индустриясын қолдау және халықаралық әдеби байланысты нығайту. Көрме аясында отандық және шетелдік баспалардың кең ауқымды өнімдері ұсынылған.

Айта кетейік, «Astana Eurasian Book Fair – 2026» көрмесі алдағы күндері де өз жұмысын жалғастырып, келушілерге мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынбақ.

Лағыл Намаз
тілші