Қытайда жаңа форматқа ауысқан Азия чемпионаты басталды

ЖАС ПАТРИОТ
3

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады.

Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті. 

Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады. Хэфэйдегі жарысқа барлығы 22 мемлекеттен 400-ге жуық ескек есу шебері келді. 

Айта кетейік, алдағы күндері байдарка мен каноэден 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Лағыл Намаз
тілші