Қазақ дипломаттары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Патриот жаршысы
4

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Астанада өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысып, «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясына қатысты, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қоғамда тазалық, тәртіп пен көркейту дәстүрлерін дамытуға бағытталған.

Қазақ дипломаттары өздеріне бекітілген аумақты абаттандыруға үлес қосып, әрбір азаматтың экологиялық әл-ауқатты сақтаудағы жеке қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Лағыл Намаз
тілші