«Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады

Патриот жаршысы
5

Фото: gov.kz

«Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі,  – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.

Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген Алматы қаласының Құрылыс басқармасының ақпаратында.

Лилиана Әлжанова
Тілші