Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Патриот жаршысы
126

ҚР Туризм және спорт министрлігі

XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (16.27 метр) бұйырды. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара жеңіл атлетикадан Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Дастан Мұқашбековті құттықтады

Бүгінгі күн біз үшін жемісті де жеңісті өрілді. Давид Дегтяревтің алтын жүлдесіне бөркімізді аспанға атып қуанып жатқанда, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері атанды! Оның үстіне Азия құрлығының рекордын жаңартты. Ол ядроны 16 метрге лақтырды. Дастанды Париж төріндегі жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын! Кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада медаль олжалау - үлкен ерлік! Давид пен Дастанның жеңісті жолы басқа спортшыларға да жұғысты болсын!, - деді министр.

Редакция
Patriot Portaly