Түркияда «Қазақ-түрік сөздігі» шықты

Фото: Егемен Қазақстан
Түркияда «Қазақ-түрік сөздігі» мен «Түркі тілдеріндегі етістіктер» атты еңбек таныстырылды. Шараға Түркия және Қазақстан университетінің тіл ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Кітаптың авторы - Түркиялық ғалым Кенан Коч. Ғалымның қазірге дейін қазақ-түрік тілдерінде 20-дан астам туындылары жарияланған.
Шара барысында қазақ және түрік тілдерінің арасындағы лексикалық, грамматикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қарастырып, түркі тілдеріндегі етістіктердің тарихы мен қазіргі жағдайы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар түркі дүниесіне ортақ тілдік платформа жасақталып, цифрландыру дәуіріндегі технологиялық терминдерді шығару жоспары талқыға салынды.
Кітап авторы доцент Кенен Коч сөздіктердің ғылыми жұмыс қана емес, бауырлас халықтар арасында тіл арқылы байланыс орнатудың жаңа қадамы екенін айтады. «Қазақ және түрік тілдерінің арасындағы жақындықты, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу арқылы біз бір-бірімізді тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Тілдік зерттеулердің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді. Өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, мәдениетіміздің айнасы», -дейді кітап авторы.