ТҮРК ДҮНИЕСІНДЕ ОРТАҚ АЛФАВИТТІҢ БІРІНШІ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Фото: TÜRKSOY
Анкарада халықаралық TÜRKSOY ұйымы мен Түркі академиясының бірлесуімен өткен тарихи шарада Түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайту жолында үлкен қадам жасалды. 34 әріптен тұратын «Ортақ Түрк Алфавиті» арқылы алғаш рет басылған шығармалар – қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесі» – оқырман назарына ұсынылды.
Бұл бастама Түркі мемлекеттері ұйымының «2040 Визиясы» және тіл бірлігін қамтамасыз ету стратегиясына сай жүзеге асырылып отыр. TÜRKSOY ұйымдастырған шарада қазақ және қырғыз әдебиетінің көрнекті шығармалары жаңа алфавитпен жарияланып, оқырманмен назарына ұсынылды.
TÜRKSOY Бас хатшысы Султан Раев бұл қадамды тек әріп ауыстыру емес, Түркі халықтарын рухани байланыс арқылы біріктіретін көпір деп атады:
“Бұл шығармалар Түркі әлеміндегі жастардың санасына жаңа көкжиектер ашып, тілдеріміз арасындағы байланысты күшейтеді. Бұл – болашаққа бағытталған стратегиялық қадам.”
Түркі академиясының президенті проф. Шахин Мустафаев процестің тарихи мәніне тоқталып, Абай мен Айтматов шығармаларын ортақ алфавитпен жариялаудың мәдени бірегейлікті жаңарту екенін атап өтті.
Шараға қатысқан МHP басшысы және Айтматов Институтының президенті проф. Ильяс Топсакал бұл қадамды Түркі әлемінің тарихында маңызды оқиға деп бағалады. Ал түркі тілінің көрнекті маманы проф. Ахмет Бицан Ерджиласун ортақ алфавиттің алғашқы қадам екенін, негізгі мақсат – ортақ коммуникациялық тіл қалыптастыру екенін айтты.
Кеш барысында проф. Шахин Мустафаев Түркі әлеміне қосқан үлесі үшін TÜRKSOY медалімен марапатталды.
Шара лента кесу рәсімі мен естелік фотосессиямен аяқталып, Түркі әлемінде тіл мен ой бірлігін нығайтудағы тарихи оқиға ретінде есте қалды.