Маңғыстауда маңызды жиын: Түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын нығайтатын шешуші кездесулер Ақтауда өтті
Фото: TÜRKSOY
2025 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы – Ақтау қаласында TÜRKSOY ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрліктері өкілдерін біріктірген 6-шы Қадірменді Меймандар комитетінің кездесуі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл басқосу – Дайымы Кеңестің 42-ші отырысы алдында өткен аса маңызды дайындық кезеңі.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саит Юсуфтың төрағалығымен өткен жиында 2026 жылға арналған мәдени бағдарламалар, ортақ жобалардың жүзеге асу барысы және Түркі әлемінің мәдени интеграциясын тереңдететін жаңа қадамдар талқыланды.
Бұл – Ақтаудың түрк дүниесі арасындағы тарихи миссиясын айқындаған, мазмұны бай, стратегиялық маңызы бар басқосу болды.
Түркі әлемінің алты мемлекеті мен Түрікменстаннан келген ресми делегациялар қатысып, кең көлемді пікір алмасу жүргізді.
Қатысушылар қатарында:
Әзербайжан: Мүслім Алакбаров
Қазақстан: Ардақ Жүсіпов, Айгерім Ыжжанова
Қырғызстан: Нұсуалы Жағыпбеков
Өзбекстан: Шохрух Акбаров
Түркия: Йылдырым Бүкер
Түрікменстан: Лачин Өвезгелдиева
Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының жауапты өкілдері мен тұрақты елшілер де қатысып, мәдени дипломатия бағытындағы ортақ ұсыныстарды талқылады.
Жиында Түркі дүниесінің мәдени саясатын жаңа белеске көтеретін бірнеше басты бағыт қаралды:
Ортақ мәдени мұраны халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
Жастар, өнер және мәдениет салалары бойынша көпжақты жобаларды күшейту;
Культур дипломатиясының тиімді механизмдерін жетілдіру;
2026 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасына дайындық барысын пысықтау;
Әдебиет, музыка, театр және көркем өнер салаларында бірлескен өндіріс пен алмасу бағдарламаларын дамыту.
Бұл шешімдер — Түркі халықтарының мәдени интеграциясын тереңдететін, ортақ руханиятты нығайтатын нақты қадамдар.
Саит Юсуф: “Ақтау – Түркі мәдени байланысының алтын көпірі”
Жиынның ашылуында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саит Юсуф Ақтаудың тарихи рөлін ерекше атап өтті:
«Түркі дүниесінің мәдени байланыстарын нығайту жолындағы еңбегіміз жыл сайын күшейіп келеді. Ақтауда өткен бұл кездесулер — ортақ құндылықтарды келешекке жеткізуде елдеріміздің бірлік пен ынтымақ танытып отырғанының айқын дәлелі. Дайымды Кеңеске дейінгі мұндай дайындық — Түркі әлемінің мәдени интеграциясын жаңа деңгейге шығаратын құнды алаң», — деді ол.
Дәстүрлі түрде Дайымды Кеңес алдында өтетін қадірменді меймандар кездесуінің мақсаты —
мүше мемлекеттердің ұсыныстары мен бастамаларын нақты шешімдерге енгізу,
ортақ мәдени кеңістікті дамыту бағыттарын айқындау.
Ақтауда өткен кезекті жиын – Қазақстанның Түркі әлеміндегі жетекші мәдени орталық ретіндегі мәртебесін күшейтіп,еліміздің халықаралық мәдени дипломатиядағы белсенді рөлін тағы да дәлелдеді.