Қазақстан–Түрікменстан қатынастары: өзара сенімге негізделген стратегиялық әріптестік

ТҰРАН АМАНАТЫ
132

Коллаж: Kazinform; Pixabay; Peretz Partensky

Патриот порталы – Бүгін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға ресми сапармен келеді. Соңғы отыз жылдан бері Қазақстан мен Түрікменстан саяси, экономикалық және көлік-логистикалық салаларды қамтыған жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Патриот порталының тілшісі сарапшылармен бірге екі ел серіктестігінің негізгі бағыттарына талдау жасады.

Астана мен Ашхабад: бауырластыққа негізделген серіктестік

Түрікменстан – Қазақстан үшін көршіден бұрын, тарихи тамыры ортақ, туысқан ел. Тәуелсіздік алған уақыттан бері екі мемлекет посткеңестік форматтан шығып, сенімге құрылған стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.

Қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық шамамен 70-ке жуық келісімдік-құқықтық құжатқа сүйенеді. Екіжақты қатынастың өзегін Достық туралы шарт пен Стратегиялық әріптестік туралы шарт құрайды.

Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдарда да ортақ ұстаным ұстана отырып, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып келеді. Соңғы екі жылда саяси диалог айтарлықтай белсенділеді – мемлекет басшылары халықаралық саммиттерде бірнеше рет кездесіп, энергетика, көлік, цифрландыру, транзит сияқты салаларда жаңа жобаларға жол ашты.

Биыл Түркістанда өткен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі екі тараптың стратегиялық бағыттарды нақты практикалық жобалармен толықтыруға дайын екенін көрсетті.

Сауда-экономикалық байланыс: әлеует әлі де жоғары

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. 2024 жылы көрсеткіш 555,7 млн доллар болса, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 363,6 млн долларға жетіп, 5,4%-ға артты.

Қазақстан экспортында ұн, күнбағыс майы, металл өнімдері мен телефон аппараттары басым. Түрікменстан Қазақстанға газ, ауыл шаруашылығы өнімдері, химиялық реагенттер мен текстиль жеткізеді.

Лағыл Намаз
тілші

Жаршы